• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Жаңа оқу жылында тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз — елорда әкімі
  • БІЛІМ

Жаңа оқу жылында тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз — елорда әкімі

By
Meirim Qogam
-
16.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту туралы жазды.

    «Біздің басым міндеттеріміздің бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Олар – оқу орындарының, медициналық мекемелердің, балабақшалардың, студенттерге арналған жатақханалардың, Оқушылар сарайларының, қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар), аулалардың және т.б. құрылысы»,- деді елорда әкімі.

    Жеңіс Қасымбек жыл сайын қалада мектептер салу қажет екенін айтты.

    «Мәселен, мектеп туралы айтар болсақ, 2024 жылы білім ошағын 12,5 мыңнан астам оқушы тәмамдады. Ал сол уақытта бірінші сыныпқа 28,5 мыңнан астам бала барды. Бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 2 еседен асып түседі. Тиісінше қалада жыл сайын мектептер салу қажет.

    Қаланы аралау барысында М.Төлебаев пен Бурабай, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен І.Жансүгіров, Егемен Қазақстан мен Иманов көшелерінің қиылысында орналасқан бірқатар мектептің құрылыс барысымен таныстым.

    Өздеріңіз білетіндей, осы оқу жылының басынан бері 24 оқу орнын салып, қолданысқа бердік. Бұл – елорда үшін рекорд. Аталған мектептер екі ауысымда 66 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді. 24 оқу орнының – 16-сы жайлы мектеп. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл жайлы мектептер екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді»,- деді ол.

    Елорда әкімінің сөзінше, қалада тағы 15 мектеп ашылады.

    «Жаңа оқу жылында тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына да жеке қаражат тартамыз.

    Сондай-ақ, жыл сайын педагог мамандығына гранттар бөле отырып, кадрлар даярлаумен айналысамыз. Қазіргі уақытта қала әкімдігінің гранты бойынша ЖОО-да 2 мың 200-ге жуық адам білім алып жүр»,- деді ол.

    Post Views: 280
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleБірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
      Next article«Тәуелділікті спортқа айырбаста»: Астанада ерекше акция өтті
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Отандық ғалымдар микроэлектроника үшін болашақтың материалын әзірледі

      Meirim Qogam - 28.03.2025

      «Әкелер одағы» мектептердегі тәрбие жұмысына белсенді атсалысып жатыр

      Meirim Qogam - 19.03.2025

      Наурыз айындағы ҰБТ: 57 талапкердің нәтижесі жойылды

      Meirim Qogam - 17.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version