• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстанда дұрыс тіркелмеген смартфондар бұғатталады
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда дұрыс тіркелмеген смартфондар бұғатталады

By
Meirim Qogam
-
11.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұйрығына сәйкес енді 24 наурыздан бастап ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын тіркеу ережелері жаңартылады.

     

    Министрлік елдегі ұялы телефондар үш деңгейде: ақ, сұр, қара тізім қолданылатынын жеткізді. Ақ тізімге тексеруден сәтті өткен және дерекқорға енгізілген құрылғылар кіреді. Ал сұр тізімде қосымша тексеруді қажет ететін, бірақ желіде 30 күнге дейін уақытша жұмыс істеуге рұқсаты бар құрылғылар болады. Қара тізімге қате немесе өзгертілген сәйкестендіру коды бар, зауыттық IMEI коды жоқ немесе GSMA халықаралық қара тізіміне енгізілген құрылғылар жатады.

    Енді ұялы байланыс операторлары абоненттік құрылғының сәйкестендіру коды мен абоненттік нөмірдің иесінің тіркелген деректерімен сәйкестігін тексереді. Сонымен қатар оны Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде пайдаланудың заңдылығын растайтын дерекқорларда ақпараттың болуын қарайды.

    Оператор иелеріне олардың құрылғыларының мәртебесі туралы хабарлауға міндетті. Мәселен, сұр тізімге енсе смартфонды пайдаланудың заңдылығын растау қажеттілігі туралы иесіне ескерту керек. Ал егер иесі верификацияны белгіленген мерзімде өтпесе, құрылғы автоматты түрде қара тізімге көшіріледі және мобильді желіге кіру бұғатталады.

    «Сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы тексеруді аяқтаған соң, теріс нәтиже болған жағдайда 3 жұмыс сағаты ішінде құрылғы туралы мәліметтерді қара тізімге көшіреді. Кейін ұялы байланыс операторларына тиісті хабарлама жібереді. Ал ұялы байланыс операторы құрылғы иесіне тыйым салу негіздерін көрсете отырып, байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынғаны туралы хабарлайды», — делінген хабарламада.

    Сонымен қатар жөндеуден өткен құрылғылардың тіркелуін бақылау қосымша күшейтілді. Уәкілетті қызмет көрсету орталықтарында IMEI-ді ауыстыру кезінде деректер GSMA халықаралық базасы (ғаламдық ұялы байланыс жүйесі қауымдастығының дерекқоры) арқылы расталуы тиіс.

    Айта кетейік, бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 60 күннен кейін күшіне енеді.

    Post Views: 326
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleКәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім үйі сатылымға шықты
      Next articleТоқаев Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ БАСТАЛАДЫ

      Meirim Qogam - 14.03.2026

      РЕФЕРЕНДУМ АЛДЫНДАҒЫ «ТЫНЫШТЫҚ КҮНІ»: ҚАНДАЙ ШЕКТЕУЛЕР БАР?

      Meirim Qogam - 13.03.2026

      АСТАНАДА LRT ЖОЛАҚЫСЫ 200 ТЕҢГЕ БОЛАДЫ

      Meirim Qogam - 12.03.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version