• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Алматыда есірткі саудасымен айналысқан жігіт ұсталды
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда есірткі саудасымен айналысқан жігіт ұсталды

By
Meirim Qogam
-
10.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Есірткі саудасымен айналысқан жігіт ұсталды.

     

    «Алматы қаласында жүргізілген жедел іс-шара барысында есірткі саудасына қатысы бар 22 жастағы жігіт ұсталды. Ол Жетісу ауданындағы жеке сектор аумағында қолға түсті. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдікті синтетикалық есірткіні жасырын орындарға қалдырып, оның мекенжайы мен фотосуретін «жұмыс берушілеріне» жіберіп отырған. Осындай кезекті әрекеттерінің бірінде ол жедел уәкілдердің қырағы назарына ілініп, құрықталды», — деп жазылған хабарламада.

    Полиция департаментінің мәліметінше, тінту кезінде күдіктіден қызғылт түсті ұнтақ салынған тоғыз орама тәркіленді. Жас жігіт есірткі заттарын үшінші тұлғаларға өткізу мақсатында жасырып кеткенін мойындады. Қазір Алматыға «синтетиканы» жеткізу арналары мен қылмыстық топтың өзге де мүшелерін анықтау бағытында кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

    «Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық процестің талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге мәліметтер жарияланбайды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-бөлімі 1-тармағына және ҚР Қылмыстық кодексінің 19-бабының 1-тармағына сәйкес, соттың заңды күші бар үкімі шыққанға дейін кез келген азамат кінәсіз деп танылады», — деп жазылған хабарламада.

    Post Views: 286
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАзиада-2025: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
      Next articleЕлімізде ауыр қылмыстар саны төмендеді
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version