• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Ақтау тұрғыны үйінің кіреберісін ұлттық нақышта безендірді (ВИДЕО)
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау тұрғыны үйінің кіреберісін ұлттық нақышта безендірді (ВИДЕО)

By
Meirim Qogam
-
04.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Ақтаулықтар көпқабатты баспаналардың кіреберісін әсемдеуге әуес. Жуырда өз үйінің пәтеріне кіреберісті ұлттық нақышта безендірген ер адам әлеуметтік желіде «жұлдызға» айналды. Ол үйдің қабырғалары мен басқыштарына киіз үйдің керегесі, шаңырақ, қошқар мүйіз ою секілді қазақы жәдігерлерді салған.

    Егде жастағы тұрғын бұл жұмысты көпшілік ұлттық құндылығымыздың қадір-қасиетін біліп жүрсін деген ниетпен жасапты.

    Биыл төртінші сыныпқа барған Сұлуым – атасының көмекшісі. Түрлі-түсті сырды езіп, үй қабырғасына трафарет көмегімен сурет салуға жәрдем береді. Оқушының айтуынша, пәтерге кіреберістің ұлттық нақышта безендірілуін көршілері бірауыздан қолдапты. Қонақтардың дені осы жерде селфи жасауды әдетке айналдырған.

    Сұлуым Ерсайын, оқушы:

    — Біздің үйге көп қонақ келеді. Солар суретті қарап таңғалады. «Кім салды?» дегенде мақтанып айтамын: «Атам екеуіміз салдық», – деп. Ақтауда көп үйлер бар, соның подъездері осындай әдемі болсын деп қалаймын.

    Сервистік компанияда жүргізуші болып жұмыс істейтін Ерсайын Сейітжан бос уақытын сурет салуға арнайды. Бес қабатты үй подъезін безендірмес бұрын қағазға ұлттық нақыштағы бейнелердің нұсқасын сызған. Сол эскиз бойынша жаңа жыл алдында екі апта еңбектеніпті. «Кіреберіс тазаланған уақытта бұл бояулар кетпейді. Ал терезеге жапқыш іліп, еденге гүл салынған ваза қою – жұбайымның кеңесі», — дейді ол.

    Ерсайын Сейітжан, қала тұрғыны:

    — Өзімізге сай болуы үшін қазақтың өрнегін салған себебім сол. Енді өзіңіз білесіз ғой, қанша дегенмен көпқабатты үйлерде кейде ағымдағы жөндеу болады, кейде болмайды. Сол себептен өз үйімнің қабырғасын, подъезінде текемет түрінде және болашақта да балаларға өнеге болсын деп салдым.

    Осы секілді үлгілі іс тындырған Нұраддин есімді зейнеткерге де қала халқы риза. 71 жастағы шебер көпқабатты подьезд ішін тазалап, сырлап шыққан. Еденге кілем төсеп, кіреберіс төбесіне әткеншек орнатты. Қабырғаларға картиналарды іліп, тіптен ас үстелін де қойыпты. Қазір бұл дәліз тұрғындар жиналатын сүйікті орынға айналған.

    Post Views: 310
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous article1 ақпаннан бастап қандай тарифтер қымбаттады?
      Next articleЕлордада рейд барысында 800-ге жуық заңбұзушылық анықталды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version