• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ТАРИХ Түркістан облысында тоғыз ғасырлық тарихы бар кесене қирап қалған (ВИДЕО)
  • ТАРИХ

Түркістан облысында тоғыз ғасырлық тарихы бар кесене қирап қалған (ВИДЕО)

By
Meirim Qogam
-
01.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Түркістан облысында мемлекет қорғауындағы тоғыз ғасырлық тарихы бар мәдени мұра қирап қалды. Қаратау шыңына Ақбикеш мұнарасы XII ғасырда салынған. Кесененің опырылуын тұрғындар реставрация жұмысынан көруде.

     

    КТК телеарнасының мәліметінше, үш жыл бұрын көне қарауылхананы жаңғыртуға келген құрылысшылар мәдени мұраны «бүтіндейміз» деп жүріп бүлдірген. 2022 жылы мұнараны нығайтуға 30 миллион теңге бөлінген. Бірақ жаңғырту жұмыстарын көрген тұрғындар бүтіндеуді реставратор мамандар емес, гастарбайтерлер жүргізгенін айтты.

    Реставрация жұмысы біткен соң да көп өтпей сылағы түсіп, қабырғалары сөгіле бастапты. Осылайша, 9 ғасыр тұрған 11 метрлік мұнара жаңартылғанына үш жыл өтпестен опырылып қалған.

    Созақ ауданының әкімдігі мәдени мұраның бүлініп жатқаны туралы талайдан бері дабыл қаққандарын айтады.

    Енді қираған мұнараны үш жыл бұрын жаңғырту жұмыстарын жүргізген «Қазқайтажаңарту» мекемесі қайта бүтіндемек.

    «2020 жылы «Қазреставрация» ғылыми зерттеу және жобалау мекемесінің Қызылорда филиалы тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Біз осы мекемеге кешегі жағдайды толық баяндап, ол мекеме арнайы комиссия құрып, алдағы уақытта осы мұнарамызды қайта қалпына келтіру жүргізілетінін хабарлады», — дейді Созақ ауданы әкімінің орынбасары Серік Маманов.

    Post Views: 445
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleЕлордадағы мектепте отбасылық спорттық сайыс өтті
      Next articleДоллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Жер менікі емес, халықтікі!» — Нұртас Оңдасыновтың ел мен жер алдындағы...

      Meirim Qogam - 01.11.2025

      Халқын ойлаған патша

      Meirim Qogam - 24.10.2025

      ҚАЙРАТТЫҢ ҚАБІРІ ҚАЛАЙ ТАБЫЛДЫ?!……

      Meirim Qogam - 27.09.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version