• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Елордадағы мектепте отбасылық спорттық сайыс өтті
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордадағы мектепте отбасылық спорттық сайыс өтті

By
Meirim Qogam
-
01.02.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Астанадағы  №73 мектеп-лицейінде «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өтті.

    Жылда дәстүрлі түрде өтетін спорттық сайыс аталған мектептің 3-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында ұйымдастырылды. Сайысқа жалпы 100-ден аса мектеп оқушысы қатысты.

    «Сайыс мектебімізде жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ұлттық құндылықтарымызды және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған іс-шараны оқушы, ұстаз, ата-ана арасында үшжақты ынтымақтыстықта жұмыс істеудің тамаша үлгісі деп есептейміз. Жалпы бұл — 3-5 сыныптар аралығында өтетін сайыс. Қазір бірінші кезеңі, 3-сыныптар қатысты. Балалар мен олардың ата-аналары қысқы таза ауада әртүрлі эстафеталық ойындарға атсалысты. Бұл сайыстың бір қызығы —  аналар күш сынасса, әкелер бауырсақ пісірді. Барлық қатысушылар ойын арасында ошақта піскен ыстық бауырсақ пен шоқ самаурында қайнаған шайдан ауыз тиді. Мұндай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуы балалар және ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс жасауға өзіндік ықпалын тигізеді», — деді №73 мектеп-лицейі директоры Гүлшат Қалтаева.


    Сайыс қатысушылары эстафеталық таяқшамен жүгіру, шанамен жарыс, арқан тартыс, қол күресі және «Бауырсақ-Fest» жарысында бақ сынасты.

    «Балаларымыз осы мектепте оқиды. 5-ші, 3 және 1-сыныпта. Бүгінгі сайысқа қатысып отырған баламыз Айбек Қуаныш — 3-сынып оқушысы. Бос уақытында күреспен шұғылданады. Анасы Гүлжазира Бақыт екеуіміз балаларымыз оқитын мектеп ұжымымен тығыз қарым-қатынастамыз. Осындай іс-шараларға белсенді атсалысып тұрамыз. Бала мен ата-ананың қарым-қатынасын жақсарту үшін мұндай жарыстардың жиі ұйымдастырылып тұрғаны жөн. Осы сайыстың бастамашысы болған мектеп ұжымына алғысымызды айтамыз», — деді сайысқа қатысушы ата-ана Қуаныш Меделхан.


    Аталған сайысқа мектептегі әр 3-сыныптан 1 отбасы қатысса, сыныптағы басқа отбасылар қатысушыларға жанкүйер болып келді.

    «Мектепте ұйымдастырылатын іс-шараларға жиі қатысып жүрміз. Жұбайымыз екеуіміз өнер саласында ұстаздық еткендіктен, балаларымыздың сабағын қадағалап, сабақтан тыс өтетін іс-шараларға да атсалысамыз. Оқушы, ұстаз, ата-ана — үштағанымен жақсы қарым-қатынастамыз. Білім ошағында 3 балам оқиды. Бүгін 3-сыныпта оқитын қызым Зеренің сайысқа қатысушы сыныптасын қолдауға келдік», — деді ата-ана Айдос Мақұлбеков.

    Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, Алғысхаттар мен арнайы сыйлық берілді.

     

     

     

    Post Views: 341
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleҚайрат Сәтжанов: Боксшыларымызды тексеріп аламыз
      Next articleТүркістан облысында тоғыз ғасырлық тарихы бар кесене қирап қалған (ВИДЕО)
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version