• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home САЯСАТ Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
  • САЯСАТ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

By
Meirim Qogam
-
30.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Digital Almaty 2025 цифрлық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесу өткізді.

     

    Кездесуде екі елдің стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланып, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қарым-қатынасты жандандыруға баса назар аударылды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен тату көршілікті нығайтуға Михаил Мишустиннің қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің былтыр 27 қарашада Астанаға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың өзекті екенін атап өтті.

    – Елдеріміздің арасындағы байланыс беки түсті. Бұл мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық саласын қамтиды. Сіздің Астанаға жасаған сапарыңызды жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңызды кезеңі ретінде қарастырамыз. Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған сапары барысында Уфада өңіраралық форум табысты өтті. Биыл біз кезекті форумды Қазақстан аумағында, яғни Орал қаласында ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ынтымақтастықтың осы форматы нәтижелі болады деп ойлаймын, – деді Президент.

    Post Views: 300
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleҚазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде Күләш Байсейітованың есімі берілді
      Next articleАстанада Қазақстан құрамасын Азия ойындарына шығарып салу рәсімі өтті
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Моңғолия мен Қазақстан зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатпақ

      Meirim Qogam - 01.11.2025

      Қазақстан дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінуді жөн деп санайды — Президент

      Meirim Qogam - 27.09.2025

      «Қазақстанда кездесуге дайынбыз»: Зеленский мен Путин келіссөзі туралы тың дерек шықты

      Meirim Qogam - 25.09.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version