• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ Астаналық оқушылар құрылыс материалдарын шығаратын зауытты аралады
  • БІЛІМ

Астаналық оқушылар құрылыс материалдарын шығаратын зауытты аралады

By
Meirim Qogam
-
28.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Бүгін елордалық оқушылар мен волонтерлер №1 Индустриалдық паркте орналасқан Metal Former шатыр және қаптау материалдарын шығаратын зауытқа барып, кәсіпорын жұмысымен танысты.

     

    Экскурсия оқушыларды еңбек нарығында сұранысқа ие өзекті мамандықтармен таныстыру және техникалық мамандықтарға деген қызығушылықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

    Metal Former зауытының өндіріс директоры Әділет Беркінбаевтің сөзінше, зауыт «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға атсалысып жатыр.

    «Біздің зауыт — республикадағы қасбет материалдарын өндіретін алғашқы кәсіпорын. 2023 жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының қатысуымен ашылу салтанаты өтті. Қазіргі таңда зауытта 110 адам жұмыс істейді. Біздің басты бағытымыз – үйлердің сыртын қаптайтын және төбесін жабатын құрылыс материалдарын өндіру. Сонымен қатар біз «Жайлы мектеп» жобасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтқанда, еліміз бойынша құрылысы жоспарланған 82 мектептің сыртын қаптайтын материал дайындаудамыз», — деді Әділет Беркінбаев.

    Экскурсия барысында оқушылар мен волонтерлер зауыттың заманауи технологиялық процестерімен танысып, кәсіпорын мамандарына сұрақ қоюға мүмкіндік алды.

    «Мұндай шаралар бізге жұмысшы мамандықтарының еңбегі туралы толығырақ білуге көмектеседі. Экскурсия барысында зауыт жұмысымен таныстық. Бұл кәсіпорындағы жұмыс тек физикалық еңбек күшін қажет етіп қана қоймай, сонымен қатар жаңа технологияларды меңгерудің маңыздылығын көрсетті. Бізге жұмыс барысымен танысуға мүмкіндік берген зауыт ұжымына алғысымызды айтамыз», — деді волонтер Давид Шарипов.

    Post Views: 293
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleМемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
      Next articleЕуропада Coca-Cola сусындары дүкен сөрелерінен алынып тасталады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Отандық ғалымдар микроэлектроника үшін болашақтың материалын әзірледі

      Meirim Qogam - 28.03.2025

      «Әкелер одағы» мектептердегі тәрбие жұмысына белсенді атсалысып жатыр

      Meirim Qogam - 19.03.2025

      Наурыз айындағы ҰБТ: 57 талапкердің нәтижесі жойылды

      Meirim Qogam - 17.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version