• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Астанада букмекерлік кеңселерге арналған жарнамасы бар 290-нан астам нысан жойылды
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада букмекерлік кеңселерге арналған жарнамасы бар 290-нан астам нысан жойылды

By
Meirim Qogam
-
26.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    2024 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендердің сыртқы жарнамасына тыйым салатын заң күшіне енді. Заң күшіне енгенге дейін Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» мемлекеттік мекемесі жарнамалық құрылымдардың иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы шаралардың арқасында елордада букмекерлік кеңселерге арналған жарнамасы бар 290-нан астам нысан жойылды.

     

    «Астана-Жарнама» сыртқы жарнамаларды бақылауды жалғастыруда. Аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, кәсіпкерлерге заң талаптарын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Бұзушылықтар анықталса, заңсыз жарнама жойылып, оны таратушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    Кәсіпкерлерге тұрақты түрде түсіндіру жүргізіліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі туралы кітапшалар шығарылуда.

    Заңға сәйкес, букмекерлік кеңселерді ғимараттың қасбеттеріне, ашық алаңқайларға, көліктерге және сыртқы құрылыстарға жарнамалауға тыйым салынады. Жарнамаға тек букмекерлік кеңселерде, спорт ғимараттарында және спорттық жабдықтарда ғана рұқсат етіледі. Букмекерлік компаниялардың логотиптері мен сауда белгілерін бизнестің басқа түрлерін жарнамалауда пайдалануға да тыйым салынады.

    ӘҚБтК-нің 455-бабына сәйкес, заңды бұзғаны үшін 236 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады.

    Post Views: 265
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous article«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 217 мектеп салынады
      Next articleБиыл кинотеатрларда 10 жаңа фильм көрсетіледі
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version