• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР AI Skills Accelerator for Girls: Астанада жасанды интеллектті үйрететін воркшоп өтеді
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

AI Skills Accelerator for Girls: Астанада жасанды интеллектті үйрететін воркшоп өтеді

By
Meirim Qogam
-
25.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    2025 жылдың 6 — 7 ақпанында Астанада AI Skills Accelerator for Girls атты бірегей бағдарлама басталады. Жобаны ITU — ақпараттық технологиялар саласындағы БҰҰ-ның жетекші ұйымы мен Ernst & Young консалтингтік компаниясы ұйымдастырып отыр.

    Воркшоптың мақсаты – қыздар мен әйелдерге болашақ технологияларын меңгеруге көмектесіп, олардың әлеуетін ашу және жасанды интеллектінің дамуына әлемдік деңгейде үлес қосу.

    AI Skills Accelerator for Girls – әйелдерге қазіргі заманғы технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді көздейтін жаһандық бастама. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында екі жыл ішінде 12 елден 1000 қыз-келіншекті оқыту жоспарланған, оларға технологиялық секторда табысты жұмыс істеу үшін қажетті білім мен ресурстар беріледі.

    Қазақстан 2024–2025 жылдарға арналған бағдарламаға енген алғашқы алты елдің қатарында. Сондай-ақ Үндістан, Иордания, Кения, Мальта мен Парагвай бар. Бұған мемлекеттердің цифрлық трансформацияны қолдау және әйелдердің технологиялық саладағы үлесін арттыру бастамалары әсер еткен.  Воркшопта машиналық оқыту, үлкен деректер мен автоматтандыру технологияларының кіріспесі, этика мен жасанды интеллект қауіптері туралы тақырыптар қамтылады.  Сондай-ақ алгоритмдердегі әділдік, сынаржақтық пен технологияларды жауапты пайдалану мәселелер де қозғалады.

    «Бағдарлама қатысушылары жасанды интеллектіні қолдануға қажет білім мен дағдыларды игеріп, пайдалы қосымшаларды жасауды үйренеді. Ең үздік жобада акселерациядан өтіп, халықаралық деңгейде танылу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, қатысушыларда әлемдік деңгейдегі сарапшылармен пікір алмасып, өз идеяларын дамыту және жүзеге асыру мүмкіндігі болады», деп көрсетті Аstana hub баспасөз қызметі.

    Post Views: 298
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleЖезқазғанда мұнай базасында өрт шығып, 4 адам ауруханаға түсті
      Next articleАстанада балаларды дамытуға арналған жаңа орталық ашылды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version