• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ТАНЫМ Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар
  • ТАНЫМ

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар

By
Meirim Qogam
-
24.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төлеу жоспарланып отыр.

     

    «Қазақстанда 2025 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлы Отан соғысының 120 ардагері, сондай-ақ ҰОС жеңісіне үлес қосқан 42 545 азамат тұрады. Олардың ішінде: қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 67 адам; концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 139 адам; ҰОС кезінде алған жаралануы, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары – 743 адам; ҰОС-та қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 2 адам; тыл еңбеккерлері – 41 594 адам», — делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

    Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі. Қарттарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жүзеге асырылады.

    Біріншіден, зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын артып келеді. Азаматтардың 19 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады.

    2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҰОС қатысушылары үшін зейнетақыларды ескере отырып, ай сайын алынатын әлеуметтік төлемдердің жиынтық мөлшері 262 334 теңгені және ҰОС кезеңінде алған жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдар үшін – 279 330 теңгені құрады.

    Екіншіден, ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетіледі. Олардың барлығы әскери қызметшілерге көрсетілетін құқықтар мен кепілдіктерге ие. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, оларға Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторий-курорттық емдеу ұсынылады.

    Үшіншіден, ҰОС ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек беру жыл сайынғы дәстүрге айналды.

    Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ақпараты бойынша Жеңіс күнінің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне биыл 120 ҰОС ардагерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады.

    Айта кетейік, биыл Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру өтеді.

    Post Views: 306
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleБиыл қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артады – министрлік
      Next articleЖеңіл атлетика: Астанада турнирден соң еріктілер спорт кешенін жинады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК. ҚАЗАҚТАР ҰСТАНҒАН ТЫЙЫМДАР

      Meirim Qogam - 27.10.2025

      Ұлы көш – Отанға бастар жол (Көштің 35 жылдығына орай)

      Meirim Qogam - 13.10.2025

      Тарихымыз тереңде. Жәди Шәкенұлымен сұхбат

      Meirim Qogam - 10.10.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version