• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Биыл қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артады – министрлік
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Биыл қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артады – министрлік

By
Meirim Qogam
-
24.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

     

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды, заңнамалық және стратегиялық шаралар іске асырылуда. 2024 жылғы желтоқсанда қабылданған мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ҚР Заңы шеңберінде қорғаншылық және қамқоршылық органдардың штат санын 2,5 есеге ұлғайту жоспарланып отыр. Шешім балалардың құқықтарын қорғауды жақсартуға және қорғаншылық жүйесінің жұмысын күшейтуге бағытталған.

    Алғаш рет заңнамалық деңгейде қамқоршылық органдарының штаттық санының нормативі бекітілді – 5 мың балаға бір маман. Бүгінгі таңда өңірлік қамқоршылық органдарының қызметкерлерінің саны 303-тен 692 адамға дейін артты. 2025 жылы бұл көрсеткішті айтарлықтай ұлғайту жоспарланып отыр, бұл балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсетудің қолжетімділігін арттырып, қамқоршылық органдарының жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

    «Жаңа штаттық норма көптеген елдерде теңдесі жоқ бірегей қазақстандық тәжірибе болып табылады. Енді қамқоршылық органдарының әрбір маманы қажетті қолдауды қамтамасыз ете отырып, балалармен және олардың отбасыларымен жақын жұмыс істей алады», — деп атап өтті министр Ғани Бейсембаев.

    Қазір ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп қамқоршылық органдары қызметінің тиімділігін арттыру үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеп жатыр.

    Post Views: 297
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleЕлордада екінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушыларына сабақ болмайды
      Next articleҚазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version