• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Ұландықтар Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісімен марапатталды
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұландықтар Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісімен марапатталды

By
Meirim Qogam
-
23.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде қызмет ететін рота командирінің бақылаушылар қызметі жөніндегі орынбасары Сәрсенбек Ермеков пен маман-бақылаушы Қазыбек Жұмабек ел тәуелсіздігіне қосқан ерен еңбегі үшін «Намыс» төсбелгісімен марапатталды.  

     

    Құқықтық тәртіп әскері қатарында қажырлы қызмет атқарып жүрген қос азаматты Астана қаласында QAZAQSTAN ARDAGERLERI қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл марапаттады.

    Құрметке бөленген әскери қызметшілер Ұлттық ұлан сапында 15 жылға жуық қызмет етіп келеді. Сәрсенбек Ермеков Ұлттық ұландағы қызметін 2011 жылы маман-бақылаушы болып бастаған. 2018 жылы аға маман-бақылаушы болса, бір жылдан кейін әскери жасақ бастығы болған. 2022 жылы бақылаушылар взводының командирі болды. Тағы бір жылдан соң қазіргі лауазымына тағайындалды. Былтыр ғана лейтенант шенін иеленген офицер «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» және «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгілерімен марапатталған.

    Ал Қазыбек Жұмабек 2014 жылы Ақтөбе қаласындағы әскери бөлімде Отан алдындағы борышын өтеген. Кейін келісімшарт негізінде сол жерде тұрақтап қалған. Бөлімше командирі, взвод сержанты, маман-бақылаушы секілді қызмет баспалдақтарынан өткен. Спорттан да құралақан емес. Қазақ күресімен шұғылданады.

    «Ұзақ жылғы табанды қызметіміздің еленіп жатқанына қуаныштымыз. Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісін иелену – әр әскери қызметші үшін үлкен абырой. Бұл – жай ғана марапат емес, бізге артылған қосымша жауапкершілік деп білемін», – деді Сәрсенбек Ермеков.

    Айта кетейік, осындай үлгілі әрекеттері мен қызметтегі белсенділіктері үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жиі марапатталады.

    Post Views: 267
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleБүгінгі валюта бағамы қандай
      Next articleМемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы жекешелендіру талаптары жеңілдетілді
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version