• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home САЯСАТ Үкіметте ІТ-қызметтері экспортын дамыту мәселелері қаралды
  • САЯСАТ

Үкіметте ІТ-қызметтері экспортын дамыту мәселелері қаралды

By
Meirim Qogam
-
21.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ІТ-қызметтер мен өнімдер экспортын дамыту мәселелері қаралды.

     

    «Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай IT-экспортының жалпы көлемін $1 млрд-қа дәйін жеткізу міндетін қойды.
    IT-қызметтер мен өнімдер экспортын ұлғайту бойынша алдағы жұмыстарда өңірлердегі акселерация бағдарламаларын дамытуға және серіктес-инвесторлар қатарын кеңейтуге баса назар аудару керек. Осы саланың қозғаушы күші өңірлік IT-хабтар мен венчурлік қорлар болуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

    Премьер-министр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Astana Hub және Қарағанды террикон алқабының үлгісі бойынша өңірлік IT-хабтарды қолдау жөніндегі жол картасын әзірлеу міндетін қойды. Әкімдіктерге қаржыландыру мәселесін жедел шешу тапсырылды.

    Үкімет отырысы барысында ІТ-компаниялары өкілдері: Netcracker Technology компаниясы кеңселерінің техникалық директоры Павел Городов, Higgsfield АІ компаниясының бас директоры Ерзат Дулат, Grand Mobile бас директоры Роман Линец сөз сөйледі

    Премьер-министр ІТ-қызметі қызметтер мен өнімдер экспорттауға бағытталған IT-компаниялар үшін мемлекеттік қолдау шараларын өзектендіруді тапсырды.

    Венчурлық қор құру рәсімдерін жеделдету қажеттігіне ерекше назар аударылып, қор көлемі 2025 жылдың соңына қарай $1 млрд-қа дейін жеткізілді, осыған байланысты Цифрлық даму министрлігіне наурыз айының соңына дейін Qazaqstan Venture Group басқарушы компаниясын құру және лицензиялау жұмыстарын аяқтау тапсырылды.

    Сонымен қатар ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу рәсімдерінің барлығын цифрландыру міндеті қойылды. Премьер-министр тиісті платформа қазір жұмыс істеп тұрғанына назар аударды. Мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушыларды қосу қажет. Нәтижесінде, бұл отандық инновациялық әзірлемелерге деген сұранысты арттырып, олардың халықаралық нарықтарға шығуына ықпал етеді.

    Post Views: 332
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАстанадан қыс басталғалы 3,5 миллион текше метр қар шығарылды
      Next articleАстаналық полицейлер қазақ күресінде жеңімпаз атанды
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Моңғолия мен Қазақстан зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатпақ

      Meirim Qogam - 01.11.2025

      Қазақстан дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінуді жөн деп санайды — Президент

      Meirim Qogam - 27.09.2025

      «Қазақстанда кездесуге дайынбыз»: Зеленский мен Путин келіссөзі туралы тың дерек шықты

      Meirim Qogam - 25.09.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version