• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Ішкі істер министрлігінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Ішкі істер министрлігінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

By
Meirim Qogam
-
19.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Ішкі істер министрлігінде тәлімгерлер кеңесінің жұмысы қорытындыланды.

     

    Жастар мен аға буын өкілдері қатысқан жиында алдағы кезеңге міндеттер айқындалды. 2023 жылдың соңында Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасымен ведомствода тәлімгерлер кеңесі құрылған болатын. Оның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын дамытып, ардагерлердің тәжірибесі негізде жас офицерлердің біліктілігін арттыру.

    «Тәлімгерлік жұмысты жандандыру мақсатында барлық өңірлік полиция бөлінісінде осы бастама жалғасын тауып, тұрақты түрде 65 тәлімгер кеңесі жұмысын жүргізіп келеді. Осы кеңесте жыл бойы 821 отырыс өткізіліп, онда ішкі істер органдарын жетілдіру, қызметтік-әдістемелік және практикалық көмек көрсету, сондай-ақ идеологиялық мәселелер, тәртіп пен заңдылықтың сақталуы талқыланды», —  деді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков.

    Министрліктің тәлімгерлер кеңесінің төрағасы болып әділет генерал-майоры, құрметті ардагер Болат Ысқақов бекітілген. Құқық қорғау саласына көп еңбек сіңірген азамат жиналған тәртіп сақшыларына жол көрсетіп, ақылын айтты.

     «Сіздерде жастық жалын мен жігер бар. Бірақ білімнің әрқашанда маңызды екенін ұмытпаңыздар. Құқықтық білімнен бөлек, тәжірибе де қажет», —  деді Болат Ысқақов.

    Post Views: 270
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleЕлордалық құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын алып шықты
      Next articleЖастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version