• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home САЯСАТ Астана әкімі Жеңіс Қасымбек азаматтарды қабылдады
  • САЯСАТ

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек азаматтарды қабылдады

By
Meirim Qogam
-
17.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелер туралы жазды.

     

    Әкімнің айтуынша, тұрғындар негізінен баспана, әлеуметтік нысандар салу, медициналық және әлеуметтік көмек, абаттандыру және т.б. мәселелер бойынша жүгінеді.

    2024 жылы рекордты көлемде мектептер салдық. Мысалы, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясының өзінде жаңа форматтағы 24 мектептің 16-сын салдық. Қалған 8-ін биыл тапсырамыз. Сол сияқты өзге де мемлекеттік мектептер саламыз, оның ішінде оқу орындарының құрылысына жеке қаражат та тартамыз.

    Тұрғын үй мәселесін бірнеше бағыт бойынша жүргізіп жатырмыз. Олар – кезекте тұрғандар үшін әлеуметтік пәтерлер салу, апатты және ескірген тұрғын үйлерді бұзу, көппәтерлі тұрғын үй кешендерін жөндеу, — деп жазды Ж.Қасымбек.

    Сондай-ақ ол көктем мезгілі келген сәттен бастап аула мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, көгалдандыруға, жолдарды жөндеуге кірісетінін жеткізді.

    Жеңіс Қасымбек азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелердің шешілу барысын бақылауда ұстайтындығын айтты.

    Post Views: 304
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleАнастасия Городко Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды
      Next articleПрезидент Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Мұхаммед Юсуф әл-Мананы қабылдады
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Моңғолия мен Қазақстан зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатпақ

      Meirim Qogam - 01.11.2025

      Қазақстан дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінуді жөн деп санайды — Президент

      Meirim Qogam - 27.09.2025

      «Қазақстанда кездесуге дайынбыз»: Зеленский мен Путин келіссөзі туралы тың дерек шықты

      Meirim Qogam - 25.09.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version