• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Астанада ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі

By
Meirim Qogam
-
16.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Астана әкімдігі Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін төлем мөлшерін 2,5 есеге ұлғайтты.

     

    Осылайша, астаналық ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 5 миллион теңгеден беріледі. Қазір елордада 6 ардагер тұрады.

    Бұдан басқа, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер де (Чернобыль АЭС қатысушылары мен мүгедектерінен басқа) төлемақы алады: ҰОС кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқандар, Ленинградта блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, әскери қызметшілер, жарақат салдарынан мүгедектігі бар адамдар, азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға, мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуінен генетикалық жолмен берілгендерге – 45 АЕК (176 940 теңге) мөлшерінде ақы беріледі.

    Өзге мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері (Ауғанстандағы әскери қимыл ардагерлерінен басқа), тәжік-ауған секторында, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында тапсырмаларды орындаған әскери қызметшілер, Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысқандар – 45 АЕК (176 940 теңге) алады.

    «Ардагерлер туралы» ҚР заңында көзделген өзге де тұлғаларға (тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы) – 15 АЕК (58 980 теңге) мөлшерінде ақы алады.

    Post Views: 326
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleІІМ: Өңірлерде заңсыз көші-қон арналары жойылды
      Next articleЕлордада ваучерлік қаржыландыру бойынша ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version