• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Биыл Астана қаласының соты 4200-ден астам істі қарады
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Биыл Астана қаласының соты 4200-ден астам істі қарады

By
Meirim Qogam
-
10.01.2025
0
Facebook
X
Pinterest
WhatsApp

    Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев мәлімдеді.

     

    «2024 жылы Астана қаласының соты 4223 істі қарады. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 118 іске көп. Біз әрбір азамат пен кәсіпкердің өз құқықтары мен мүдделерін қолданыстағы заңнама шеңберінде тиімді қорғауына мүмкіндік беруге тырысамыз», — деді Дамир Әбдіғалиев.

    Өткен жылы  істердің көп бөлігі кеден, салық және мемлекеттік сатып алу салаларындағы дауларға қатысты болды.

    Соттың басты міндеттерінің бірі – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) нормаларын түсіндіру.

    «Былтыр Астана қаласының соты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және бизнес, қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырды. Жылдың маңызды оқиғаларының бірі Әкімшілік әділет пікірталас клубының отырыстары, зияткерлік меншік, салық және кеден даулары бойынша дөңгелек үстелдер және «ӘРПК: күрделі мәселелер туралы қарапайым тілмен» брошюрасының екінші бөлімін таныстыру болды»,- деді Дамир Әбдіғалиев.

    Post Views: 493
    Facebook
    X
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleБылтыр тіс дәрігерлері 56 миллиард теңгеден астам табыс тапқан
      Next articleМедицина қызметкерлеріне біліктілік беру жүйесіне өзгерістер енгізілді
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Астана тұрғындарына газдан улану мен өрттің алдын алу жолдары түсіндірілді

      Meirim Qogam - 09.11.2026

      В Астане усилили профилактику пожаров в жилых домах перед отопительным сезоном

      Meirim Qogam - 06.11.2026

      «Таза Қазақстан»: Астанада оқушылар экологиялық викторинаға қатысты

      Meirim Qogam - 29.09.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version