• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Президент қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • САЯСАТ

Президент қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

By
Meirim Qogam
-
07.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

     

    Құрметті отандастар!

    Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

    Жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрамда діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді.

    Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады.

    Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді.

    Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін.

    Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

    Рождество мерекесі құтты болсын! — делінген Президент құттықтауында.

    Post Views: 251
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleЕлордада «Тарихтан тағылым» атты иллюстративті кітап көрмесі ашылды
      Next articleҰлттық ұлан батыры Айбат Амановтың анасы сарбаздармен кездесті
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version