Home СПОРТ Футзалдан ел құрамасы әлемнің үздік командасы атағына үміткерлер тізіміне енді

Футзалдан ел құрамасы әлемнің үздік командасы атағына үміткерлер тізіміне енді

0

Футзалдан Қазақстан ерлер құрамасы Futsal Planet нұсқасы бойынша әлемнің үздік командасы атағына үміткерлер тізіміне енді.

Қазақстан құрамасы 2024 жылдың үздік ұлттық командасы аталымына үміткер болып отыр. Сондай-ақ тізімде тағы 9 құрама бар. Олар: Аргентина, Аргентина U-20, Бразилия, Франция, Индонезия, Иран, Марокко, Таиланд және Украина.

2024 жылы Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатына қатысып, ширек финалда Аргентинадан жеңіліп қалған еді. Ұлттық команда 1/8 финалда бұрынғы әлем чемпионы Португалия құрамасын ұтқан болатын.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында сырт алаңда Албанияны 2:0 есебімен жеңді. Кейін өз алаңында Армениямен тең ойнады (4:4).

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version