• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстан халқының ең басты құндылығы — бірлік
  • ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан халқының ең басты құндылығы — бірлік

By
Meirim Qogam
-
03.01.2025
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»  атты «Ana tili» газетіне берген сұхбатында өткен жылы елімізде атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ биыл жүзеге асатын жобалармен көпшілікті таныстырды. Сұхбатты оқи отырып, көптеген мәліметтерге қанық болдым. Президент сұхбаты туралы Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков осындай пікір білдірді.

     

    «Шынында, өткен жылы ел халқы өте күрделі кезеңдерді бастан өткерді. Дегенмен барлық қиындықты ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында жеңіп шықты. Бір ел, бір халық болып, жұдырықтай жұмылып тасқын судан зардап шеккен аймақтарға қол ұшын берді. Қазақстан халқының ең басты құндылығы бірлік екендігі осы тұста айқын көрінді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында елді алаңдатқан сауалдарға да жауап берді. Атап айтар болсақ, әлеуметтік желіде «Қ.К. Тоқаев 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымын басқаруға кетеді, соған байланысты елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді» деген алып-қашпа әңгіменің нүктесін қойды.

    «Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдерістердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін» — деді ел Президенті.

    Сондай-ақ ол Президенттің бірыңғай уақыт белдеуі мен «Таза Қазақстан» экоакциясы, доллардың көтерілуі, Қаңтар оқиғасы, Талғар оқиғасы және мемлекеттік тіл секілді бірнеше өзекті мәселелер жөнінде жүзеге асып жатқан жұмыстар жөнінде арнайы тоқталып өткенін айтты. 

    Президент елімізде мерзімінен бұрын Парламент сайлауы өтеді деген ел ішіндегі болжамға да нақты жауап берді.

    «Меніңше, Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ. Сайлау заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес өтеді. Парламент өзіне тиесілі мерзім аясында қызметін атқаруға құлықты», деді Қасым-Жомарт Тоқаев», — деп жазды ол.  

    Post Views: 247
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleСұхбатта халықты толғандыратын ең өзекті мәселелерге толыққанды жауап берілді
      Next articleДинара Наумова: Президент алдағы ауқымды жұмысты жүзеге асыруда бізге жаңа күш пен серпін берді
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      «Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында «Qarzhy Saqshysy» ойыны өтіп жатыр

      Meirim Qogam - 03.12.2025

      «Өз жолымды таптым»: JOLTAP жобасы көпбалалы анаға жұмыс табуға көмектесті

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      Жұмысшы мамандықтары жылы: Астанада үздік механизатор мен техника жүргізушісі анықталды

      Meirim Qogam - 01.12.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version