• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home ЖАҢАЛЫҚТАР Мәжіліс төрағасы қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • САЯСАТ

Мәжіліс төрағасы қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

By
Meirim Qogam
-
31.12.2024
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

    «Құрметті отандастар!

    Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

    Жаңа жыл – жанға жылу, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлайтын шуақты мереке. Өткенімізді саралайтын, болашағымызды бағдарлайтын әсерлі сәт. Сондықтан да әрбір адам оны үкілі үмітпен, ізгі тілекпен қарсы алады. Келер жылға айқын мақсат белгілеп, арнайы жоспар құрады.

    Бірқатар қиындыққа қарамастан, өтіп бара жатқан жыл елімізге жайлы, берекелі болды. Елдігімізді нығайтатын, экономикамызды күшейтетін тиімді өзгерістерге, ауқымды бастамаларға жол ашты.

    Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру бағытындағы реформалары табысты жалғасын тауып, ұлтымызды ұйыстыра түсті. Халқымыз ортақ мақсат жолында жұмылып, болашақта энергетикалық тәуелсіздігімізді қамтамасыз ететін тарихи таңдауын жасады.

    Осы жылы Парламент Мәжілісі қабылдаған маңызды заңдар Президент бастамаларына тірек болып, қоғам сұранысын қамтығаны анық.

    Келер жыл – Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы. Осы ретте, бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан халқымыз адал еңбектің көрігін қыздырып, ел ырысын еселей береді деп сенемін.

    Ендеше, 2025 жыл молшылығы мен несібесін ала келсін!

    Әр шаңыраққа шаттық ұялап, құт-берекесі арта берсін!

    Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын!» — делінген құттықтауда.

    Post Views: 318
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleПрезидент ұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқарған қазақстандықтарды марапаттады
      Next articleОтшашуды рұқсат етілмеген жерде атқандар айыппұл төлейді
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ БАСТАЛАДЫ

      Meirim Qogam - 14.03.2026

      РЕФЕРЕНДУМ АЛДЫНДАҒЫ «ТЫНЫШТЫҚ КҮНІ»: ҚАНДАЙ ШЕКТЕУЛЕР БАР?

      Meirim Qogam - 13.03.2026

      АСТАНАДА LRT ЖОЛАҚЫСЫ 200 ТЕҢГЕ БОЛАДЫ

      Meirim Qogam - 12.03.2026

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version