Home ЖАҢАЛЫҚТАР Биыл Астанада 1500-ден астам үйге газға қосылу мүмкіндігі берілді

Биыл Астанада 1500-ден астам үйге газға қосылу мүмкіндігі берілді

0

Елордада жыл басынан бері  1 650 абонентті қамтыған газ тарату желілері салынды.

 

Астанада тұрғын алаптарды газға қосу жұмысы жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Биыл Үркер тұрғын алабында газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды.

Нәтижесінде 1000 абонент табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. 1 мың абоненттің қатарында Ақтамберді жырау көшесінің тұрғындары бар.  Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, елді мекенді газдандыру процесі кезең-кезеңімен жүреді.

Соңғы 2 жылда Үркердегі  5250 абонентке табиғи газға қосылу мүмкіндігі жасалды.  Олардың қатарында жеке үйлер мен тұрғын үй кешендерінің тұрғындары бар.

Нұра ауданы әкімінің  орынбасары Сәрсенғали Ақжоловтың айтуынша, алдағы 2 жылда елді мекендегі барлық жеке үй мен тұрғын үй кешені табиғи газбен қамтылады. Сол үшін 173 шақырым газ желісін салу жоспарланып отыр.  Бүгінгі таңда жоспарланған жұмыстардың шамамен үштен бірі аяқталды. Газдандыру үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бастысы экологиялық жағынан таза.

Сондай-ақ Family Village коттедж қалашығын газдандыру желісінің құрылысы аяқталып, 458 абонент газға қосылды.

Ал Сарыарқа мен Алматы аудандарында 194 үйге көгілдір отын жеткізетін газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды. Алғашқысында 137, ал екінші ауданда 55 үйге газ тартылды.

Бұл жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын едәуір арттыруға әрі экологиялық таза жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жалпы газдандыру қаланың экологиясын жақсартумен қоса, жеке сектор тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version