Home ЖАҢАЛЫҚТАР Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

0

Оқыс оқиға кеше түстен кейін Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты Герцен ауылына жақын жерде, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының бойында болған.

 

«Жол апатында ауыр жарақат алған үш адам сол жерде көз жұмды, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазір полиция тергеуді бастады», — деп хабарлады Қостанай облысы Полиция департаменінен.

Айта кетейік, жол апатында Volvo мен Toyota Alphard көлігі бір-біріне соғылған.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version