Home ЖАҢАЛЫҚТАР Бурабай ұлттық паркіне кіру тарифі өзгерді: Жергілікті тұрғындар төлемнен босатылды

Бурабай ұлттық паркіне кіру тарифі өзгерді: Жергілікті тұрғындар төлемнен босатылды

0

Қазір төлем тек қана ұлтттық парктің арнайы есепшотына түседі және әрбір парк өзінің тарифтерін белгілейді. «Бурабай» ұлттық паркінің мамандары жаңа тариф туралы түсіндірме жасап, жергілікті тұрғындар мүддесі ерекше қарастырылғаны айтылды.

Олардың айтуынша, 2017 жылы енгізілген тариф 7 жылдан бері алғаш рет өгертіліп отыр, жаңа баға биыл 26 қарашада күшіне енген.
− Бурабай — еліміздегі халық ең көп келетін ұлттық парк. Биыл келген туристер саны 1 миллионнан асты және жыл санап артып келе жатыр. Әрине, туристер көп болған сайын жергілікті табиғатқа да үлкен салмақ түседі. Қоқыс көбейеді, топырақ эрозияға ұшырайды, тау-тастар бүлінеді. Өрт қаупі күшейеді. Жұмыс күшін көбейтуге тура келеді. Оның барлығы қосымша шығынды қажет етеді, — дейді «Бурабай» МҰТП директорының орынбасары Венера Нұғманова тілшілерге берген сұхбатында.

Осылайша, парк аумағына жеңіл көлікпен кіру құны жұмыс күндері — 0,3 АЕК (1107 теңге), демалыс және мереке күндері — 0,4 АЕК (1476 теңге) болып белгіленген.

Тиісінше 16 орындық автобустар үшін кіру ақысы — 1 және 1,5 АЕК (3692 және 5538 теңге), 16-32 орындық автобустар үшін 2 және 2,5 АЕК (7384 және 9230 теңге), 32-ден артық жолаушыға арналған автобустар үшін — 3 және 3,5 АЕК (11 076 және 12 922 теңге). «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында тұратын, сондай-ақ ұлттық паркпен іргелес елді-мекендердің 26,5 мың халқынан еш төлемақы алынбайды. Олардың автокөлік нөмірі электронды базада тіркелген. Яғни, жергілікті халықтың мүддесі ескерілді. Туристердің келгені жақсы, бірақ осы жерде өмір сүріп жатқан адамдардың жағдайын ойлау керек, — дейді Венера Нұғманова.

Спикер атап өткендей, «Бурабайда» экожүйені қорғауға бағытталған арнайы табиғат қорғау режимі бар. Орманды өрттен қорғау, жаңа көшет отырғызу, аң-құстар мен балықтарды қорғау, оларға қысқы азық-түлік әзірлеу, қоршаған ортаға мониторнг жүргізу, биоқалдықтарды тазалау жұмыстары жыл бойы жүреді.

Қазіргі таңда «Бурабай» паркіне кіретін тұстарда автоматтандырылған 5 өткізу-бақылау бекеті жұмыс істеп тұр. Төлемді Kaspi және Halyk Bank QR-кодтары арқылы жасауға болады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version