• Click here - to use the wp menu builder

Loading…

Home БІЛІМ 80 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті
  • БІЛІМ

80 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті

By
Meirim Qogam
-
30.11.2024
0
Facebook
Twitter
Pinterest
WhatsApp

    Педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған тегін курстар аяқталды.

    Биыл  80 мыңнан астам педагог пен білім беру ұйымдарының басшылары оқудан өтіп, біліктілігін арттырды.

    Курсқа қатысушылардың жартысынан көбі – ауыл мектептерінің мұғалімдері. Бұл  — 46 074 педагог. Сондай-ақ 62 мың педагог мемлекеттік тілде білім алды.

    Оқыту 56 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілді. Олардың ішінде құндылыққа бағдарланған тәсілді қолдану, арт-педагогикалық технологиялар және пәндік құзыреттілікті дамыту бойынша бағдарламаларға ерекше назар аударылды. Біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдер теориялық материалдармен жұмыс істеумен қоса, практикалық тапсырмаларды да орындады. Курсты аяқтағаннан кейін оларға курстан кейінгі қолдау көрсетіледі.

    «Білім сапасын арттыруда мұғалімдердің үздіксіз дамуы басты рөл атқарады. Әлем мұғалімдерден білім беруді ғана емес, сонымен бірге шабыттандыруды, бағыт беруді және өзгермелі жағдайларға бейімделуді талап етеді. Біздің орталықтың оқытушылары 3 160 курс өткізді, онда 81 803 педагог, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 11 965 педагогі, мектептердің 68 458 педагогі және колледждердің 1380 педагогі оқытылды», — деді «Өрлеу» Басқарма Төрағасы Айдана Шилибекова.

    Естеріңізге сала кетейік, курстар биыл ақпан айында басталды. Ол мұғалімдерді қолдау мақсатында жыл сайын өткізіледі. Мұндай курстар білім сапасын арттырып, мұғалімдердің кәсіби өсуіне септігін тигізеді.

    Post Views: 313
    Facebook
    Twitter
    Pinterest
    WhatsApp
      Previous articleҰлттық ұлан оркестрі запастағы әскери қызметшілерді ұлықтады
      Next articleАстанада күтуші әйел жарты млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған
      Meirim Qogam

      RELATED ARTICLES

      Отандық ғалымдар микроэлектроника үшін болашақтың материалын әзірледі

      Meirim Qogam - 28.03.2025

      «Әкелер одағы» мектептердегі тәрбие жұмысына белсенді атсалысып жатыр

      Meirim Qogam - 19.03.2025

      Наурыз айындағы ҰБТ: 57 талапкердің нәтижесі жойылды

      Meirim Qogam - 17.03.2025

      NO COMMENTS

      LEAVE A REPLY Cancel reply

      Please enter your comment!
      Please enter your name here
      You have entered an incorrect email address!
      Please enter your email address here

      ABOUT US
      FOLLOW US
      ©
      Exit mobile version