Home ЖАҢАЛЫҚТАР Қырғызстан мен Тәжікстан ҰҚМК басшылары шекараны межелеу мәселелерін талқылады

Қырғызстан мен Тәжікстан ҰҚМК басшылары шекараны межелеу мәселелерін талқылады

0

Тәжікстан Республикасы Соғды облысының Бустон қаласында Қырғыз-Тәжікстан мемлекеттік шекарасын межелеу және орнату мәселелері бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтік делегацияларының тең төрағалары Қамчыбек Ташиев пен Саймумин Ятимовтың кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Кездесу барысында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау мәселелері талқыланып, үкіметтік делегациялардың жұмыс топтарына екі мемлекеттің шекара сызығының бағытын одан әрі айқындау бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Еске сала кетсек, Қырғызстан мен Тәжікстанның 970 шақырымға жуық ортақ шекарасы бар. Соңғы бірнеше айда тараптар бір-бірінің аумағында кезегімен бірлескен мемлекеттік шекараны келісу бойынша белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар екі мемлекет арасындағы шекара сызығының 90 пайыздан астамын келісе алды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version