Home ЖАҢАЛЫҚТАР Норвегия тақ мұрагерінің ұлы қылмыс жасады деп ұсталды

Норвегия тақ мұрагерінің ұлы қылмыс жасады деп ұсталды

0

Норвегия тақ мұрагері Метте-Мариттің ұлы Мариус Борг Хейби ес-түзсіз болған адамға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен ұсталды.

Норвегия телеарнасының хабарлауынша, 27 жастағы Мариус Борг Хейби дүйсенбі күні ұсталған. Оған қарсылық көрсетуге қауқарсыз немесе ес-түзсіз болған адамға зорлық көрсетті деген айып тағылуда. Полиция бұл оқиға бойынша әлі нақты шешім қабылдаған жоқ.

Бұған дейін де Норвегияның тақ мұрагері Метте-Мариттің ұлы Мариус Борг Хойбиді полиция ұстаған болатын. Ол бұрынғы сүйіктісіне зорлық-зомбылық көрсетті, сонымен қатар мүлкіне зиян келтірді деген күдікке ілінген.

Кейін Мариус Ослоның Фрогнер ауданындағы 26 жастағы әйелдің пәтерінде болған оқиғаға түсінік беріп, оның алкоголь мен кокаин әсерінен жасалғанын айтты.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version