Home СПОРТ Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне шықты

Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне шықты

0

Астанада өткен Билли Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан және Оңтүстік Корея арасындағы плей-офф матчында 3:1 есебі тіркелді.

Шешуші сайыста әлемнің 29-ракеткасы, отандасымыз Юлия Путинцева Ку Ен Вуды 6:4, 7:5 есебімен жеңді.

Екі елдің құрамалары арасындағы соңғы командалық ойында Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Ким Дабин мен Ку Ен Вуға қарсы ойында жеңіліс тапты.

Ел құрамасы осыған қарамастан 2025 жылдың сәуір айында өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version