Home ЖАҢАЛЫҚТАР 230 мың доллар жымқырған алаяқ грек аралында ұсталды

230 мың доллар жымқырған алаяқ грек аралында ұсталды

0

ІІМ іздеуде жүрген алаяқтың грек аралында ұсталғанын мәлімдеді.

«Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуге жарияланған алаяқты ұстады.

2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған», — деп жазды ІІМ баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін жоғары оқу орнына түсіруге уәде еткен ақтөбелік алаяқтығы үшін сотталған болатын.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version